БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Бөлімнің негізгі мақсаттары:
- Университетте ғылыми-зерттеу қызметін құрылымдық және басқарушылық оңтайландыру және белсендіру;
- Жоғары оқу орны, академиялық және салалық ғылымды біріктіру;
- Университет ғалымдарының іргелі, қолданбалы зерттеулері мен техникалық әзірлемелерінің деңгейін және көлемін арттыруды ғылыми және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- білімгерлердің ғылыми шығармашылығын дамыту;
- ғылым мен білімнің әлемдік жүйесіне ену мақсатында ғылыми және оқу орындарымен халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту;
- зерттеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау, сондай-ақ ғылыми жобалар мен зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау.
Негізгі міндеттер:
- Университеттің факультеттерінде, кафедраларында, оқу-зерттеу зертханалық кешенінде, ғылыми орталықтарында және басқа да құрылымдық бөлімшелерінде жүргізілетін гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді, қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
- аймақ экономикасының нақты секторында кейіннен коммерцияландыру үшін қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелерді ұйымдастыру;
- Университетте ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың негізгі бағыттарын анықтау және дамыту;
- коммерциялық әлеуеті бар өнертабыстар мен технологияларды коммерцияландыру жүйесін ұйымдастыру, басқару, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлері мен білім алушыларының бизнес-идеяларын қолдау және жетілдіру;
- білім алушылар мен жас мамандардың ғылыми әлеуетін дамыту, сонымен қатар олардың ең қабілетті және дарындыларын университеттің ғылыми, ғылыми және техникалық қызметіне тарту;
- Университеттің жеке ғылыми ұжымдары, қызметкерлері мен білімгерлері жасаған интеллектуалдық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- ғылым мен оқу-тәрбие процесінің байланысын тереңдету, ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктерін пайдалану арқылы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру;
- ғылыми, ғылыми-өндірістік қызмет саласында шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен және өндірістік ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықты кеңейту;
- Университеттің инновациялық инфрақұрылымын (шағын инновациялық компаниялар, бизнес-инкубаторлар, стартаптар және т.б.) дамытуды қалыптастыруға қатысу.