Неліктен КАЗУТБ?

Неліктен ҚАЗТБУ?

ҚазТБУ тамақ, жеңіл, мұнай-химия, тау-кен өндіру салалары үшін, Қонақжайлылық индустриясы, бизнес және басқару, ақпараттық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа формациядағы мамандарды даярлайтын мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады. Толық ақпаратты университет сайтынан және әлеуметтік желілерден таба аласыз.

ҚазТБУ-да мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі жүзеге асырылады:

Колледж – Бакалавриат – Магистратура.

Ұжымның білім беру және ғылыми қызметі сапасының жоғары бағасы университетті институционалдық аккредиттеумен және тәуелсіз аккредиттеу агенттіктерінде бакалавриат пен магистратураның барлық білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеумен расталған. 


ҚазТБУ-да оқудың артықшылықтары
  • ҚазТБУ Қазақстан астанасы - Нұрсұлтан қаласындағы білім, ғылым және мәдениет орталығындағы жетекші университеттердің бірі болып табылады.
  • Кадрларды даярлаудың мамандандырылған бағыты.
  • Кадрларды даярлаудың мамандандырылған бағыты.
  • Талапкерлер үшін жекелеген санаттар бойынша оқу ақысын төлеуге жеңілдіктер.
  • Талапкерлер үшін жекелеген санаттар бойынша оқу ақысын төлеуге жеңілдіктер.
  • Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік. Қос диплом бағдарламалары.
  • Оқуды бітіргеннен кейін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда жұмысқа орналасу. 
  • Басқа қаладан келген 1 курс студенттері үшін 2021 жылы пайдалануға берілген «Студенттер үйінде» жаңа жатақханадан орын беріледі.

ҚазТБУ-да не аласың?
  • Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы беретін іргелі білім. 
  • Қазіргі заманғы материалдық-техникалық базаны пайдалана отырып оқыту.
  • Fablab алаңында инновациялық идеяларды іске асыру мүмкіндігі, жаңа өнімдердің функционалдық прототиптерін жылдам және арзан дайындау және ең батыл идеяларды сынау үшін заманауи цифрлық өндірістің технологиялары мен жабдықтарына қол жеткізу. 
  • Өз мамандығы бойынша шетелде (Ұлыбритания, Германия, Италия, Венгрия, Польша, Болгария, Латвия, Корея, Қытай, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Тәжікстан) тәжірибеден өту.
  • Студенттердің астананың көрікті жерлеріндегі ғылыми конференциялар мен конкурстарға, спартакиадаларға, жарыстарға қатысу мүмкіндігі.
  • Жарқын студенттік өмір: КВН, конкурстар, концерттер, спорт секциялары.