Ғылыми қызмет
Факультеттің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі міндеттері::
- ғылыми жобаларға қатысу;
- ғылыми мақалаларды жариялау;
- ғылыми конференцияларға қатысу;
- монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару;
- кафедраның ПОҚ біліктілігін арттыру;
- білім алушыларды ғылыми зерттеулерге тарту;
- экономика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық зерттеулерге басшылық ету.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары ҒЗЖ жоспарына сәйкес жүргізіледі. Факультеттің ПОҚ әр түрлі ғылыми конференцияларға қатысады және мақалалар жариялайды, баяндамалар жасайды.
Факультеттің ғылыми қызметінің маңызды бағыты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады.
Кафедраларда студенттік үйірмелер жұмыс істейді, жеке жобалар іске асырылуда.
Студенттердің ғылыми жұмыстарының нәтижесі конференцияларға, конкурстарға, гранттар мен көрмелерге қатысу, ғылыми баяндамалар мен мақалалар дайындау болып табылады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) университетте мамандар даярлаудың міндетті органикалық ажырамас бөлігі болып табылады және оқу және ғылыми процестердің бірлігі негізінде шешілетін негізгі міндеттердің қатарына кіреді. Студенттер мен магистранттардың ҒЗЖ оқу жоспарлары шеңберінде, сондай-ақ оқу жұмысынан тыс: ғылыми үйірмелер жетекшілері үйлестіретін, сондай-ақ кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық байланыстар бойынша жауапты ғылыми үйірмелер жұмысы шеңберінде жүргізіледі.