Егер сіз біздің университеттің студенті немесе түлегі болсаңыз және жұмыс іздеп жүрсеңіз, онда «Қазақ технология және бизнес университетінің Мансап орталығы» сізге көмекке келуге дайын!
ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ:
Бейіндеуші кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту және нығайту негізінде мамандарды практикалық даярлау сапасын арттыру үшін жұмыс берушілер мен университеттің өзара іс-қимылының тиімді жүйесін құру, университет түлектерінің кен орналастыру көрсеткіштерін арттыру
МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
Практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру бойынша кафедралардың қызметін үйлестіру және бақылау, университет студенттері мен түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсету;
Түлектерді жұмысқа орналастыру ісінде серіктестік байланыстарды кеңейту және қолдау.
Қазақстан экономикасының дамуы инновациялық жолға өтуіне және әлеуметтік экономикалық қатынастарды трансформациалау кезеңінде біздің еліміздің бәсекеге қабілеттігін айқындайтын неғұрлым басым технологиялық және экономикалық салаларда білікті кадрларға қажеттілігі артып келетіні байқалды. Олардың ішінде тамақ және жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлылық пен туризм салалары және тағы басқалары бар.
Еңбек нарығының нарықтық жағдайдары кәсіптәк білім беру жүйесінде қажетті дағдылар мен құзыреттерге ие. Оның өзгеруәне бейәмделе алатын кәсіби және сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жоғары талаптар қойылады.
Қазақ технология және бизнес университеті инновациялық экономикада сұранысқа ие технологиялық және экономикалық білім беру бағдарламалары саласында кәсіби мамандар даярлайтын негізгі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Мансап орталығы жыл сайын дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесіне түлектерге қатысуды ұсынады.
«Бос орындар жәрмеңкесі» жобасы аясында тіркеуден өткен ізденушілердің ұйымдар мен кәсіпорындардың бос жұмыс орындарың тізімімен танысуға бірегей мүмкіндігі бар. Жыл сайынғы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізу шеңберінде бітіруші курс студенттері түйәндемелерін жұмыс берушілерге қалдырады, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алады әңгімелесуден өтеді. «Бос орындар жәрмеңкесінің» қортындысы бойынша жұмыс бруші мен университет түлегі арасында алдын ала келісім жасалады. Білім деңгейін көтергісі келетіндер магистратурада оқуын жалғастырады.
Біздің мекенжаймыз: