Жоқ, міндетті емес. ҰБТ қаңтар айында қалауы бойынша тапсырылады. Қаңтардағы ҰБТ сертификаты университетке ақылы бөлімге түсу үшін жарамды.
IELTS 6.0 сертификаты "ағылшын тілі"бейіндік пәні бойынша ҰБТ-ның ең жоғары балына ауыстырылады.
Жоқ, бұл маңызды емес.
Иә, жыл сайын университет конкурстар мен олимпиадалар өткізеді. Толық ақпаратты ҚазТБУ университетінің сайтынан білуге болады.
Бөлінеді. Талапкер қабылданғаннан кейін.
Академиялық ұтқырлық - бұл 2-3 курс студенттеріне арналған алмасу бойынша оқу бағдарламасы. Алмасу бойынша оқуға үміткер болу үшін мынадай талаптарға сәйкес болу қажет: IELTS 6.0 және одан жоғары, GPA 3.0 және одан жоғары. Академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтуге неліктен лайық екеніңізге уәждемелік хат жазу. Оқытушылардан екі ұсыныс хат алу. Алмасу бойынша оқу 1 семестрге (4-5 ай) созылады. Сіз шетелдік жоғары оқу орнында оқисыз, содан кейін қайтып келесіз және өзіңіздің қазақстандық жоғары оқу орныңызда оқуды жалғастырасыз.
Университетте жыл сайын мемлекеттік грантқа студенттерді қабылдайтын босаған мемлекеттік Гранттар конкурсы өткізіледі. Грантқа үміткер болу үшін жақсы оқып, белсенді болу керек.
1 және 2 курстарда университеттердегі тәжірибе өз зертханаларында өткізіледі. 3 және 4 курстарда студенттер болашақ кәсіби саласында жұмыс істейтін компанияларда тәжірибеден өтеді. Іс жүзінде студенттер жұмыстың бастапқы кезеңінде өз мамандықтарына тән функцияларды орындайды. Компаниялардағы тәжірибеге байыпты қарау керек, өйткені бұл университетті бітіргенге дейін жұмыс орнын брондау мүмкіндігі.
Сіз өзіңіздің қалаңыздағы кез-келген университетте өтініш жасағыңыз келетін университеттерді көрсете отырып, құжаттарды тапсыра аласыз.
Экономикалық, заң және гуманитарлық бағыттар бойынша бәсекелестік жоғары, өйткені олардың комбинациясы бойынша бейіндік пәндерге мемлекеттік гранттардың саны аз бөлінеді.
Университеттер талапкерден оқуға түскенге дейін бағдарламалау дағдыларын талап етпейді. Сіз барлық білімді бірінші курста нөлден аласыз. Барлық білім беру бағдарламаларының бірінші курсында "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні бар, ол сізге компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Әскери кафедра – бұл өзінің білім беру бағдарламасы бойынша оқытудан басқа университеттерде қосымша білім беру. Әскери кафедрада оқу міндетті емес. Әскери кафедраға өтініштерді қабылдау жазда 2 курстың басына дейін өтеді. Барлығы сіз 2 жыл оқисыз (2 және 3 курс). Әскери кафедра запастағы лейтенант атағын алуға және әскери мансабын жалғастыруға мүмкіндік береді. Әскери кафедрада оқуды аяқтағаннан кейін сіз әскери билет аласыз, әскери қызметтен босатыласыз