- Университеттің ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларының сапалық құрамын жаңарту, жақсарту жүйесін дамыту;
- Университеттің кадрлық саясаты бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу;
- Университеттің кадрлық әлеуетін дамыту және жағдайын талдау (сандық және сапалық);
- Кадрлар резервін қалыптастыру және оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
- Университеттің ПОҚ аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, аттестаттау комиссияларының шешімдерін іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
- Университеттің кадрлық әлеуетіне ағымдағы және перспективалық қажеттілікті анықтау, болжамдарды әзірлеу;
- Университет қызметінің сыртқы және ішкі жағдайларына сәйкес университетті ғылыми-педагогикалық, оқу-көмекші кадрлармен, сондай-ақ жұмысшылармен, талап етілетін кәсіптердің, мамандықтар мен біліктіліктердің қызметшілерімен жасақтау;
- Университет қызметкерлерін оқытушылық, ғылыми-зерттеу қызметінің рөлі мен нәтижелері туралы хабардар ету;
- Университет қызметкерлерінің оқытушылық, ғылыми-зерттеу қызметінің әлеуметтік маңыздылығына деген ішкі сенімін қалыптастыру;
- Университет қызметкерлерінің кәсіби мүмкіндіктерін толық ашу, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
- Университет қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін материалдық ынталандыру жасау;
- Кадр саясатының тұжырымдалған басымдықтары негізінде кадр саясатын қаржылық қамтамасыз ету және алынған нәтижелердің қаржылық тиімділігін талдау.
Кадрлық қамтамасыз ету жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын және міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшелеріне негізделеді.
Университеттің кадрлық саясаты құрылымдық бөлімшелермен университеттің әрбір басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарлары негізінде іске асырылады.