Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2023 жылдың 16 қарашасында Халықаралық философия күні аясында «Ұлы дала Абайы және қоғамдағы философия» атты студенттік республикалық конференция өткізді. Конференцияға 10 университеттің 7 қаладаң білім алушылары қатысты. Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Алтынбек С.А конференцияны ашты. Конференция қатысушыларына сәттілік тілей отырып, барлығына ғылыми-зерттеу қызметінде табыс пен алға қойған мақсаттарға жету жолындағы қиындықтарды жеңулерін тіледі.
Конференция келесі секциялар бойынша өтті:
-
Студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы Абай шығармашылығын ролі.
-
Философия – қоғам мен адам өмірінде.
Конференция соңында барлық қатысушылар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.