*Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша 1 курсқа студенттерді қабылдауды жүзеге асырады: 6в02101 Графикалық дизайн, 6В02102, 6В02103 сән дизайны, 6В02104 Сәулеттік дизайн, 6в04103 Есеп және аудит, 6В04105 Менеджмент, 6в04107 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04108 Қаржы, 6в04110 Экономика, 6в05112 Биотехнология , 6в05213 экология, 6в06114 Ақпараттық жүйелер, 6В06115 it-менеджмент, 6в07116 Автоматтандыру және басқару, 6в07117 Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6в07219 Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 6в07231 тау-кен дело: физика-химиялық геотехнология, 6В07218 тау-кен дело: пайдалы қазбалар кен орындарын ашық және жерасты игеру, 6в07220 азық-түлік өнімдерінің технологиясы (салалар бойынша), 6в07222 мұнай-газ дело: Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану, 6в07223 қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), 6В07224 жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы, 6в07525 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), 6в11126 Мейрамхана дело және қонақ үй бизнесі, 6В11127 Туризм, 6В11128 IT – қызмет көрсету саласындағы технологиялар, 6В11129 Халықаралық туризм, 6В11230 тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Екі дипломдық білім беру жүйесі және магистратура жұмыс істейді. Университетте технология және бизнес саласындағы 13 мамандық бойынша колледж жұмыс істейді. Басқа қалалықтар үшін жатақхананың жаңа ғимараты ұсынылады. Телефондар: +7(7172) 57 88 15, +7 708 425 06 60, +7 701 602 53 53

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Алтайбекова Қанағат Тұрсынбайқызы

филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2000 жылы құрылған.

               

Кафедра жұмысының басты мақсаты  – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласында оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Кафедра өз миссиясын заманауи оқыту технологияларын пайдалана отырыпәлеуметтік-гуманитарлық, тілдік және құқықтық пәндерді оқыту арқылы техникалық және экономикалық бағыт саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін қызметті жүзеге асырумен байланыстырады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу, ғылыми-педагогикалық, қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысады.

Кафедра өз қызметін бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

білім беру үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс;

профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары;

білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары;

ғылыми жұмыс.

Кафедра өз алдына қойған мақсатты жүзеге асыру барысында бірқатар стратегиялық міндеттерді шешу арқылы қол жеткізеді:

дәрістерді, практикалық (семинар) және оқу сабақтарының басқа да түрлерін сапалы өткізу, бакалавриат пен магистратурадағы білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оған басшылық жасау, білім алушылардың оқу жұмысына бақылауды жүзеге асыру, оның нәтижелерін айқындау;

кафедра бейіні бойынша оқулықтар, оқу құралдар, дәрістер конспектілері, әдістемелік әдебиеттер мен оқу-практикалық басылымдарды дайындау;

ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасау және дайын ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау;

кафедраға бекітілген пәндер бойынша әртүрлі оқу сабақтарын (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар және т.б.) ұйымдастыру және өткізу;

оқыту технологиясын үздіксіз жетілдірубілім беру үдерісін қарқындатуоқытудың белсенді және интерактивті нысандарын, компьютерлік ақпараттық технологияларды қолдану негізінде әртүрлі сабақ түрлерін өткізу сапасын қамтамасыз ету;

ағымдағы, алдын ала және аралық аттестаттау нысанында бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жүргізунәтижелерді талдауды жүзеге асыру;

оқытушылардың оқу сабақтарына өзара қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру, кафедра пәндері бойынша оқу сабақтарына педагогикалық бақылау жасау, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау;

жұмыс бағдарламаларын, силлабустарды, практикалық (семинар) сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулардыбілім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және жетілдіру;

кафедраның ұсыныстарын университеттің күнтізбелік жылға арналған ғылыми қызмет жоспарына енгізу, кафедраға қатысты университеттің ғылыми қызмет жоспарын орындау, кафедраның күнтізбелік жылдағы ғылыми жұмысының қорытындылары туралы ғылыми-зерттеу бөліміне есеп беру;

кафедраның профессор-оқытушылар құрамының университеттегі ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі өзге де жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету;

кафедраның профессор-оқытушы құрамының Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда және импакт-факторы бар өзге де ғылыми басылымдарда жариялымдар дайындауға қатысуын қамтамасыз ету;

білім алушылар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, соның ішінде, ғылыми үйірменің жұмыс істеуі, ғылыми-зерттеу және конкурстық жұмыстарды, ғылыми жариялымдарды дайындау, яғни кафедраның педагогикалық қызметкерлерімен бірлесіп жазу, түрлі деңгейдегі конкурстық және ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу;

кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

- студенттермен олардың азаматтық, кәсіби және адамгершілік қалыптасуына ықпал ететін тәрбие жұмысын жүзеге асыру;

Кафедра оқытушылары атқарылатын жұмыс түрлерінің (оқу, әдістемелік, ғылыми) есебін жүргізедіолардың нәтижелері оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларында және тиісті мониторингтерде көрсетіледі.


Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы


Кафедра әлеуметтік-гуманитарлық, құқықтық және тілдік пәндер бойынша бакалавриат пен магистратураның барлық білім беру бағдарламалары негізінде білім алушыларды даярлайды.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында білім беру үдерісінің сапасын арттыруға және студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқу-әдістемелік жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп отырады. Кафедра оқытушылары әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы заманауи талаптар мен үдерістерді ескере отырыпоқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар мен оқу материалдарын үнемі жаңартып отырады.

Оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізуге, студенттердің өзіндік жұмыс пен сыни ойлау дағдыларын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Оқу-әдістемелік жұмыс шеңберінде оқытушыларға біліктілігін арттыруға және жаңа педагогикалық технологияларды игеруге көмектесетін семинарлар, тренингтер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, кафедра басқа білім беру мекемелерімен және ғылыми ұйымдармен белсенді түрде байланысып, қарым-қатынас жасайды, ал бұл тәжірибе алмасуға және оқыту үдерісіндегі пәнаралық тәсілдерді дамытуға ықпал етеді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерді, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, нұсқаулар мен әзірлемелерді әзірлеумен және дайындаумен белсенді түрде жұмыс жасайды. 2023-2024 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша 3 оқу-әдістемелік құрал дайындады.


Оқытылатын пәндер


Кафедра әлеуметтік-гуманитарлық, құқықтық және тілдік пәндер бойынша бакалавриат және магистратурадағы білім алушыларды даярлайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша:

- Қазақстан тарихы;

- Философия;

- Әлеуметтік-саяси білімдер модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология);

- Экономикалық-құқықтық және экологиялық білімдер модулі (құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениет негіздері бөлімі);

Кәсіпкерлік құқық;

- Қазақ тілі;

- Орыс тілі;

- Шет тілі (ағылшын);

- Іскерлік шет тілі (ағылшын);

- Дене шынықтыру;

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша:

- Тарих және философия ғылымдары;

- Басқару психологиясы;

- Жоғары мектеп педагогикасы;

- Шет тілі (кәсіби).

Ғылыми қызмет


Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өткізілетін ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және басқа да ғылыми-әдістемелік іс-шараларға белсенді түрде қатысады, онда білім мен тәжірибе алмасады, жаңа технологияларды зерделейді, өйткені келешегі зор ғылыми зерттеулермен танысу заманауи оқытушыға қажетті дүние болып табылады. 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің кең спектрін қамтитын белсенді түрде ғылыми жұмыс тар үнемі жүргізіліп тұрады. Кафедра оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми жобаларға қатысады, рецензияланатын журналдарда мақалалар жариялайды, өңірден халықаралық деңгейге дейінгі конференцияларда баяндамалар жасайды.

Кафедраның ғылыми қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде қоғамның, мәдениет пен білімнің өзекті мәселелерін, сондай-ақ гуманитарлық саланы қозғайтын пәнаралық мәселелерді зерттеп, қарастырады. Кафедра оқытушылары студенттерді ғылыми жұмыстарға белсенді түрде тартып, оларды ғылыми жобаларға, ғылыми жұмыстар конкурстарына және студенттік конференцияларға қатыс тырады.

Кафедрада ғылыми семинарлар мен пікірталас клубтары жұмыс істейді, онда гуманитарлық ғылымдардағы заманауи тенденциялар мен сын-қатерлер талқыланады. Бұл оқытушының да, студенттердің де ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етеді, зерттеу мәдениетін нығайтады және ғылыми ойдың одан әрі дамуын ынталандырады. Профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, яғни мақалалар, монографиялар, оқу бағдарламалар ы, оқу құралдар, диссертациялардың авторефераттары мен оқу-әдістемелік кешендерді рецензиялау ды жоспарлы түрде жүзеге асырады. 2023-2024 оқу жылында ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қ.Т. Алтайбекова « Қазақ тіл білімінің ғылым тілі мен метатілі » атты монографиялық зерттеу жариялады.

Кафедра қызметі бағыттарының бірі кафедраның профессор-оқытушылар құрамының басшылығымен жыл сайын студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсына, халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысатын білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. 1 және 2 курс студенттері университетішілік олимпиадалар мен студенттер арасындағы ғылыми-зерттеу конкурстарында кафедраның профессор-оқытушыл ар құрамының жетекшілігімен бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Дәстүрлі түрде кафедра пәндік олимпиадалар ұйымдастырып, өткізеді, студенттердің қалалық және республикалық ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді .


2024-2029 жылдарға арналған ғылыми қызметтің негізгі міндеттері 


1. Бекітілген пәндердің ерекшелігі ктеріне байланысты ғылымның басым бағыттары шеңберінде кафедраның ғылыми зерттеулерін дамыту.

2. Инновациялық әлеуметтік-бағдарланған экономиканың қажеттіліктеріне нақты мемлекеттік саясатты әзірлеу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру, яғни әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін, жаһандану проблемаларын шешудің тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу, қазіргі педагог имиджі, университеттің полиэтникалық білім беру ортасының өкілі негізінде шетелдік студентті қабылдау, көптілділік ті білім берудегі жаһанданудың көрінісі ретінде қарастыру болып табылады.

3. Терроризм экстремизм, сыбайлас жемқорлық идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша университет білім алушылары мен Қазақстан Республикасының жас буынының азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу.

4. Студенттерді кафедраның, университеттің ғылыми студенттік үйірмелеріне қатыстыру және тұрақты жұмыс істейтін ғылыми-практикалық семинарлардың жұмыстарына тарту.

5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР БҒМ БҒБСК) ұсынған басылымдарда және Scopus, Web of science дерекқорында индекстелген басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялау, ғылыми жобалар және гранттық қаржыландырумен айналысу үшін кафедраның профессор-оқытушылар құрамының қызметін жандандыру.


Кафедраның материалдық-техникалық базасы 


Кафедрада қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған оқу (мамандандырылған) дәрісханалары (барлығы 10 дәрісхана) бар, олардың ішінде мемлекеттік тіл, шет тілдері, Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытатын мамандандырылған аудиториялар бар.

Профессор-оқытушылар құрамы
Оқытушының ТАӘ Ғылыми (академиялық) дәрежесі, атағы Қызметі
1. Алтайбекова Канагат Турсынбаевна филология ғылымдарының кандидаты кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор
2. Абуов Айдар Паркулович тарих ғылымдарының кандидаты, философия ғылымдарының докторы профессор
3. Базарбекова Думангуль Мукановна филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) профессор
4. Баимбетова Рабига Кабдуловна философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) профессор
5. Ешпанов Владимир Сарсембаевич тарих ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор
6. Жетібаев Ерзат Жетібайұлы философия ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор
7. Дәлелбекқызы Ақмарал PhD докторы (филология) қауымдастырылған профессор
8. Мұхамбетжан Абылай Жортабайұлы философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) профессор
9. Нурбаева Майса Зейнуллиновна әлеуметтік ғылымдар кандидаты қауымдастырылған профессор
10. Серимов Умирзак Серимович заң ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор
11. Шлымова Гульнара Екпыновна әлеуметтік ғылымдар кандидаты қауымдастырылған профессор
12. Абдыкадырова Толқын Хасеновна қазақ филологиясының магистрі аға оқытушы
13. Алматова Алмагуль Калижаровна
  
оқытушы
14. Альжанова Шалпан Апышевна
  
аға оқытушы
15. Аяпов Абзал Кайратович
  
аға оқытушы
16. Джумамухамбетова Батима Жамшитовна филология магистрі аға оқытушы
17. Жортушинова Айман Кажимуратовна педагогика ғылымдарының магистрі аға оқытушы
18. Кабдий Нұржанар экономика ғылымдарының магистрі аға оқытушы
19. Казбекова Меруерт Казбековна педагогика ғылымдарының магистрі аға оқытушы
20. Кенжебалин Жанат Тауекелович
  
аға оқытушы
21. Кенжебулатова Асия Микояновна
  
аға оқытушы
22. Кунтубаева Гульнара Оразбековна педагогика ғылымдарының магистрі аға оқытушы
23. Көбекбай Бақытгүл Ізбасарқызы экономика және бизнес магистрі аға оқытушы
24. Қойшин Дәулет Таңатұлы педагогика ғылымдарының магистрі оқытушы
25. Лузанов Виктор Александрович заң ғылымдарының магистрі аға оқытушы
26. Молгаждарова Сагдат Мейрамовна білім магистрі аға оқытушы
27. Нышанбай Жанерке Нурлыбекқызы гуманитарлық ғылымдар магистрі аға оқытушы
28. Омаров Ержан Шаймарданович педагогика ғылымдарының магистрі аға оқытушы
29. Сәтіпбай Айша Маккенқызы педагогика ғылымдарының магистрі оқытушы
30. Сабырбай Бекболат Еділбайұлы әлеуметтік ғылымдар магистрі аға оқытушы
31. Серимбетова Рабига Асанхановна педагогика ғылымдарының магистрі аға оқытушы
32. Хусаинова Айгуль Кайкеновна гуманитарлық ғылымдар магистрі аға оқытушы
Қосымша сағат алушылар:
33. Асқарұлы Дархан гуманитарлық ғылымдар магистрі оқытушы
34. Ахметова Инкар Берикбаевна тіл білімінің магистрі оқытушы
35. Жуматай Самат педагогика ғылымдарының магистрі аға оқытушы
36. Кенжибулатова Майра Сулейменовна экономика ғылымдарының магистрі аға оқытушы
37. Курмангалиева Жанаргул Курманбаевна психология магистрі аға оқытушы
38. Толегенова Гульмира Толегеновна педагогика ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор
39. Хамитова Эльмира Амантаевна гуманитарлық ғылымдар магистрі аға оқытушы