Оқу-әдістемелік бөлімі (ОӘБ) университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру мен басқаруына жауап беретін оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректорына тікелей бағынатын бөлім болып табылады.
ОӘБ қызметкерлері өз қызметін жүзеге асыру барысында басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі;
«Білім туралы» ҚР Заңы;
«Ғылым туралы» ҚР Заңы;
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізімі;
Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелері;
«ҚазТБУ» АҚ стратегиялық даму жоспары;
Ішкі еңбек тәртібінің ережелері;
«ҚазТБУ» АҚ академиялық саясаты.
Мақсаты және міндеті:
Оқу-әдістемелік бөлімінің мақсаты университеттегі оқу процесін тиімді жоспарлап,прогрессивті технологияларды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастырып, оқу процесін жүзеге асыруды бақылау.
Негізгі міндеттерге сәйкес ОӘБ келесі функцияларды атқарады:
университеттің оқу процесін ұйымдастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды, оқу жылына оқу күнтізбелерін жасайды және бекітеді;
білім берудің кредиттік технологиясының және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, оқу бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын, пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін, элективті пәндер каталогтарын әзірлеу бойынша факультеттердің, кафедралардың қызметтерін үйлестіру;
білім алушылардың барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
профессорлық-педагогикалық ұжымға оқу-әдістемелік мәселелер бойынша кеңес беру;
оқу жылына оқу жүктемесін жоспарлайды және оның кафедралармен орындалуын бақылайды, сағаттық қордың тиімді пайдаланылуына жауап береді, оқу жылы ішінде оқу жүктемесінің орындалуына талдау жасайды;
оқу жүктемесі негізінде персоналды басқару мен есеп бөлімімен бірлесе отырып университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы жоспарын жасайды;
университет оқытушыларының жеке жоспарларының дайындалуы мен орындалуын қадағалайды;
аудиториялық қордың бөлінуін есепке алуды және үйлестіруді жүргізеді, оқу сабақтарының, аралық және қорытынды аттестацияның кестелерін жасайды және орындалуын бақылайды;
қорытынды аттестаттау комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
білім беру үрерісінде оқытудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолданудың тиімділігіне талдау жасайды;
білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және мамандарды дайындау сапасын бағалаудың ғылыми-дәлелді критерийлерін енгізеді;
білім беру бағдарламаларына лицензия алуға өтінімді дайындау және ресімдеу процесін үйлестіру, білім беру бағдарламасы туралы мәліметтерді ЖБББЖ (жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі) енгізу.