13-14 сәуір 2023ж. Алматы қ., Алматы Технологиялық Университетінде студенттер арасындағы XV Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. B070 – «Тоқыма: киім, аяқ киім және былғарыдан жасалған бұйымдар» бағыты бойынша 6В07224 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасынан жарысқа жіберген команда ІІІ жүлделі орынға ие болды. Олимпиадаға қатысатын студенттер: ТиКИЛП 211со - Қырықбай А.А., Шахимуратова Д.Д., ТиКИЛП 201 - Төлеубек А.Ж., Өтемұратова А.Е., жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кожабергенова К.Д.