ҚазҰТБ басшылығы

Байболова Ляззат Кемербекқызы

Ректор АО «Казахский университет технологии и бизнеса имени К.Кулажанова» г.Астана

  • 1989 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиясы, ұйымдастыру және қызмет көрсету» мамандығы бойынша бітірді.
  • 1994 жылдан бастап Алматы технологиялық университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор болып қызмет атқарады.
  • 1998 жылы «Ақуызды пайдаланып, жылқы еті өнімдерінің технологиясын әзірлеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
  • 2000-2004 жылдары – АТУ-да тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор болып қызмет етті.
  • 2007 жылы «Тұтас және аралас дайындалған ет өнімдерінің ғылыми-практикалық негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
  • 2008, 2010-2012 жылдары – АТУ Технология-экономикалық колледжінде директор қызметін атқарды.
  • 2012-2013 жылдары – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы,
  • 2013-2014 жылдары – «Өндірістік үдерсітерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі
  • 2014-2016 – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы
  • 2016-2019 жылдары – «Тағам өндірістері» факультетінің деканы болып қызмет етті.
  • 2019-2024 жылдары – АТУ-да оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор болып қызмет атқарды.
  • 2024 жылдан бастап – "Қ.Құлажанов атындағы КазТБУ" АҚ -да Ректор болып қызмет атқарады.

Еңбегі:

  • Байболова Л.К. 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 монография, 3 оқу құралы, 11 авторлық куәлік және патенттері бар.
  • Ол дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.
  • Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен (2013),
  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» медалімен (2017),
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағымен марапатталған (2016).
  • Оның ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды.