Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні университетіміздің “Экономика және Қаржы" кафедрасының экономика ғылымдарының докторы, профессор Дугалова Гүлнар Нәжімиденқызы редакциялаған және оқытушыларының қаламдаған ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті.
Аталған іс-шарада университетіміздің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Дусмат Саматұлы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Абай Асанұлы және кафедра оқытушылары қатысты.
Айта кетейік, аталған ұжымдық монографияның 3 бөлімін де университетіміздің кітапханасынан таба аласыздар!