Медиа

Жұмыс берушілермен кездесу

2023 жылдың 18 қазанда Технология және стандарттау кафедра апталығының үшінші күнінде университет түлектері және профессор-оқытушылар құрамы мен кәсіпкерлер арасында кездесу өтті. Кездесуде ЖШС «Қазақстанның инновациялық нанотехнологиялары «ғылыми-өндірістік бірлестігі», ЗТБ «Қазақстан Халал индустриясы Қауымдастығы», ЖК «БОЛСХАН Qaimaq bakery and coffee», Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Астана филиалы, ЖШС «CAPITAL PROJECTS LTD», ЖШС «Capital Management», «Ели-Худели» компаниясы өкілдері қатысты.

Кездесуде болашақ мамандардың жұмысқа орналасу бойынша және өндірістік тәжірибеден өту, StartUP жобалар мен бизнес-тренингтерге шақыру туралы мәселелер қаралды.

Кездесу көрермендердің қызығушылығын тудырды, жанды диалог болды, көптеген сұрақтар қойылды.

Күннің екінші жартысында «Кәсіби биіктерге бірге» атты сайысқа коледждің 3курс студенттері Тілеген Алтынай, Қасымбай Гүлден, Танкенова Елюжан және университет студенттері Махсутов Еркебулан, Сейт Айкуміс, Сейлуали Айнель қатысты. Сайыс 3 бағытта: 1) Жеміс-жидекті көрнекі кесу; 2) Салат дайындау; 3) Десерт жасап өздерінің кәсіби біліктіктерін тәжербие жүзінде көрсету. Жюри қауымы колледжден: Елеусызова Б.М. және Куандыкова Д., кафедрамыздың ПОҚ Есіркеп Г.Е, Бектурғанова А.А, Омаралиева А.М. сараптап, бағаланды. Сайысқа белсене атсалысқандары үшін кафедра меңгерушісі Байтукенова С.Б. студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.