Медиа

ЖЕТІСТІККЕ БІРГЕ

2023 жылдың 13-14 наурызында Қазақ технология және бизнес университетінің мобильді тобы елорданың №23, 27 мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.Әңгімелесу барысында мектеп түлектері оқу орнының мамандықтарымен танысты. Студенттерге университет презентациялары, жоғары оқу орындарына түсу ережелері, тіркелу және ҰБТ тапсыру мерзімдері, әскери кафедраға түсу шарттары, жатақханада тұру ережелері және оларды қызықтыратын басқа да салалар ұсынылды. Оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта отырып, болашақ талапкерлерге университетімізге экскурсия ұсынылды.