07.12.2023ж. «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Бекзат Айкүміс Бөріханқызының жетекшілігімен «Графикалық дизайн-IV» пәнінен, ГД-202 топтың IV курс студенттерімен, «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жобаны басқару» тақырыбы бойынша ашық инновациялық сабақ өтті.
-Жобаның зерттелген ерекшеліктері (студенттердің жобалық жұмысы)
-Талдау объектілері
• әлеуметтік желісінде парақша құру @podderjka_kazutb
• Контент құру: мәтіндер, фотосуреттер, бейнелер, инфографика
• Сауалнамаларды, викториналарды, ойындарды және басқа әрекеттерді іске қосу.
• Тіркелу/аккаунты дамыту.
• Мақсатты жарнаманы іске қосу, аналитика мен есеп беруді жүргізу.
• Жазылушылармен байланыс және олардың белсенділігін қадағалау.
-Жоба дизайнының презентациясы
• ҚазТБУ студенттерін қолдауға арналған «Қиын кезеңде өз-өзіне көмектесу және қолдау» акциясын ұйымдастыру
Арнайы қонақ ретінде психолог-практик Дос Дильнар @dilnardos қатысты. Ол «Жеке шекаралар» тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Білім алушылар мен қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
-«ҚазТБУ» психологиялық көмек орталығы» жобасы
Мақсаты: Білім алушыларды қолдау және шабыттандыру және олардың бір-бірімен байланысып, қолдау көрсете алатын қоғамдастық құру.
Міндеті: Психикалық саулық, өзіне-өзі көмек көрсетудің психологиялық әдістері және қоғамда психологиялық мәдениетті нығайту туралы ақпаратты дамыту және тарату.
Ұраны: «Күш – сенің жан дүниеңде, болмысыңда! Көмек сыртқы дүниеде».
Өзектілігі: Қазіргі уақытта стресс, алаңдаушылық және депрессия мен қолдауды қажет ету әдеттегі құбылысқа айналды. Біздің орталық осы қиындықтармен бетпе-бет келген білім алушылар үшін ресурстар ұсынады және салауатты, қолдау көрсететін қоғамдастықтарды насихаттайды.