«Жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мен даму перспективалары. Ғылым мен өндірістің байланысы» атты 2025 жылғы 13 наурызда офлайн және онлайн форматында дөңгелек стол өткізілді, модератор болып т.ғ.к., профессордың м.а. Умралиева Бела Илларидановна аталған іс-шараны ұйымдастырып жүргізді.
Дөңгелек үстелге қатысушыларды «ЖӨТжДизайн» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., асс. профессор Байжанова Жазира Болатбекқызы, оған осы тақырыптың идеясы кафедраның ПОҚ-мен ақылдасып дүниеге келгенін атап өтті: «Аталған іс-шараның негізгі мақсаты ЖОО-ның, кәсіпорындардың, салалық бірлестіктердің, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың тығыз өзара іс-қимылы негізінде талапкерлер мен түлектердің білім беру бағдарламаларына сұранысын арттыру болып табылады.» Дөңгелек үстел жұмысына Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының жетекші ғалымдары қатысты:
- т. ғ. д., профессор Худайбердиева Дилфуза Бахрамовна;
- т. ғ. д., профессор Нығматова Фатима Усмановна;
- Джолдошова Айнура Буудайыковна, т.ғ.к., доцент, И. Разакова ат. Қырғыз мемлекеттік университетінің «Бұйымдарды көркемдік жобалау» кафедрасының меңгерушісі;
- Уахитова Гүлмира Бекенқызы «Qaz Textile Industry» өзін-өзі реттейтін ұйымының Басқарма Төрағасы;
- Башеев Әскер Шариязданұлы «Bench Mark Consulting» ЖШС Бас директоры, АҚ «НАТР» аккредиттелген сараптамалық маркетингтік компания, «Мектеп және балалар киімінің тігін фабрикасы» ЖШС құрылтайшысы;
- М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Калдыбаев Рашид Турдыбаевич;
- Алескеров Владимир Владимирович «A.V. Group» ЖШС Бас директоры, Саран қаласының Қалалық Кәсіпкерлер кеңесінің, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы;
- АТУ «Дизайн» және «Бұйымдар мен тауарлардың технологиясы және конструкциясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы;
- Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің «Дизайн» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы;
- М.Х. Дулати атындағы ТарРУ ПОҚ;
- Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының ПОҚ;
- Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ 6В07224 - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» ББ, 6В02100 «Дизайн» ББ студенттері.
Дөңгелек үстел жұмысының барысында т.ғ.д., профессор Худайбергенова Д.Б. «Өзбекстанның тоқыма кластері. Ғылым мен өндірістің байланысы» атты тақырыппен, т.ғ.д., профессор Нигматова Ф.У. «Цифрлық технологиялар жағдайындағы өндірісті технологиялық дайындауды автоматтандыру перспективалары» атты онлайн баяндамаларын жасады;
- А.Б. Жолдошова, т. ғ. к., доцент «Қырғызстандағы жеңіл өнеркәсіпті дамыту» тақырыбымен Мемлекеттегі жеңіл өнеркәсіптерінің жетістіктерімен бөлісті;
- «Qaz Textile Industry» Уахитова Г.Б. «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудағы және кадрлар даярлаудағы» тақырыбен өзекті мәселені қозғады;
- «Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін қазақстандық цифрлық платформасының рөлі» BMC Sales құрылтайшысы Башеев А.Ш. келіп дөңгелек үстелде маңызды баяндамасымен бөлісті;
- «ЖОО мен кәсіпорынның өзара байланысы – объективті қажеттілік» тақырыбен т.ғ.к., доцент, Қалдыбаев Р.Т., «A.V. Group» ЖШС Бас директоры Алескеров В.В. онлайн платформада өз баяндамаларында негізі мәселерді атап өтті;
- «Құзыретті және бәсекеге қабілетті түлек моделі» атты тақырыбыбен т.ғ.к., профессордың м.а.Умралиева Б.И. өте танымды қызықты баяндама жасады.
Дөңгелек үстел сұрақтарының шеңбері өндірістегі де, білім беру қызметтері нарығындағы да, заманауи ахуалдың өзекті мәселелерін және қатысушылармен белсенді резонанс тудырған өндіріске ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу ретінде жоғары оқу орындарының кәсіпорындармен байланысын атап өтті. Талқылау нәтижесінде дөңгелек үстелге қатысушылар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа нысандары дүниеге келді.