Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты – тоқыма және тігін өндірісі саласында білім беру қызметін көрсететін жоғары оқу орны.
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті мен Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты арасындағы келісім аясында ЖӨТжД кафедрасының оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттыру, оқу және оқытушы (дәріс оқу) мақсатында қатысты.
Бұл университет тоқыма және жеңіл өнеркәсібі үшін жоғары білімі бар жоғары білікті және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаумен, қайта даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысады.
15.01.- 20.01.2024 ж. оқытушылар «Жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы заманауи технологиялардың халықаралық тәжірибесі» тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті.
Т.ғ.к., қауым.профессоры Нұрмұхамбетова Б.Т. 5321500 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының дизайны және технологиясы» (Тігін бұйымдарының технологиясы) мамандығының студенттеріне «Конструкторлық және технологиялық өндіріс негіздері» пәні бойынша 12 сағат көлемінде дәріс курсын өткізді.
Т.ғ.к., қауым.профессоры Қожабергенова Қ.Д. 5321500 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының дизайны және технологиясы» (Тігін бұйымдарының технологиясы) мамандығының студенттеріне «Технологиялық процестерді жобалау» пәні бойынша 12 сағат көлемінде дәріс курсын өткізді.
Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ташкенттегі кейбір кафедраларға, мамандандырылған зертханаларға және ірі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына барып танысты.
Өзбекстанның бірегей геосаяси жағдайы әлі күнге дейін көптеген елдермен үздіксіз экономикалық диалогта болуға және Еуропа және Азия елдерімен өзара тиімді іскерлік ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Өзбекстан Республикасы мақта өндіруден дүние жүзінде 6-шы орында, экспорт бойынша екінші орында.
Өзбекстанның жеңіл өнеркәсібі Өзбекстан Республикасының өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде ерекшелігімен елеулі орында.
Өзбекстандағы қуатты салалардың бірі – жоғары сапалы тоқыма бұйымдарын өндірумен және көтерме саудамен айналысатын «UzTex» компаниясы. «UzbTexe» компаниясы заманауи құрал-жабдықтармен және жоғары сапалы материалдардан жасалған жоғары сапалы тоқыма бұйымдарын ұсынады.
«Nurtex» компаниясы 22 жылдық тәжірибесі бар біркелкі өндіріс индустриясының көшбасшысы болып табылады.
IDEAL Garments - тоқыма өнеркәсібіндегі ең ірі компаниялардың бірі. IDEAL – бұл қолөнердің классикалық әдістері мен жаңа стильдерді жасауға заманауи көзқарасты біріктіретін киім бренді. Ideal-garments - бұл үш түрлі бағытта бренд ретінде жұмыс істейтін компания:
1- Бұл талғампаздығымен, жоғары сапасымен, тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен танымал өндірістік бренд.
2- Екіншіден, IDEAL - бұл жеке тапсырыстарға арналған бренд.
3- Келесі бағыт – IDEAL брендімен топтамалар құру. Маусымдық топтамалар әлемдік жетекші сән трендтеріне сәйкес келеді.