Медиа

ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ - 2022" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

ТМД жас ғалымдары арасында Халықаралық байқау өткізіліп, оған "Мәдениет және экология" тақырыбында ғылыми баяндама қорғап, "Экология" білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Аңсабаев Айбар (Э-181 топ) қатысты.

Ансабаев Айбарға "ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ - 2022" төсбелгісі, I дәрежелі диплом, ал ғылыми жетекшіге "Химия, химиялық технология және экология" кафедрасының аға оқытушысы Кәрібаева Мадина Қажимерқызына мақтау грамотасы табыс етілді.

Марапатпен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!