2024 жылғы 6 ақпанда "Туризм және сервис" кафедрасының апталығы аясында 2008 жылдан бері аталып келе жатқан халықаралық бармен күніне арналған "Үздік бармен" іс-шарасы өтті.
Байқау Rixos қонақ үйінде өтті. Қатысушылар: 6В11126 "Мейрамхана және мейманхана бизнесі" ББ бойынша білім алушылары
Байқау үш турдан тұрды:
-
"Флейринг "(классикалық орындау техникасын қолданатын авторлық коктейль),
-
"Номад" ұлттық стильдегі коктейль (қазақтың ұлттық ингредиенттеріне негізделген коктейль)
-
Бар ісі бойынша Блиц-сауалнама
РДГБ 232-ші курс білім алушысы Мұхамедияр Райымбек тамақ дайындау бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.
Конкурсқа қатысушылар кәсіби білімдері мен дағдыларын, топпен жұмыс істеуде ұйымшылдығын көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.