Медиа

ӨЗ ЖОЛЫҢЫЗДЫ ТАБЫҢЫЗ

2023 жылдың 7 ақпанында Қазақ технология және бизнес университетінің кәсіптік бағдар беру жұмысының мобильді тобы Кемел Ақышев атындағы №69 мектептің бітіруші сыныптарымен кездесу өткізді. Диалогтың алғашқы минуттарынан-ақ студенттер университетіміздің өкілдерін күткендігі байқалды. Оқушылар университет туралы бейнероликтер мен презентацияны көріп жатып, білім саласының болашағына қатысты көптеген сұрақтар қойды. Әңгіме соңында екі тарап өз жолын тапты деген пікірге келді.