КазУТБ в СМИ

Қызықты пікірталас өткізілді

13.03.2025ж. «Дизайн» білім бағдарламасының студенттерінің пікірталас клубы «Дизайнердің әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбында «Үкімет» және «Оппозиция» командалары арасында қызықты пікірталас өткізді. Қатысушылар дизайнның қоғамға, мәдениетке және этикаға әсер етуінің маңызды аспектілерін талқылады және дизайн шешімдері арқылы шешілуі мүмкін өзекті мәселелерді көтерді. Іс-шара соңында екі команда да белсенді қатысқаны және маңызды тақырыпты талқылауға қосқан үлесі үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл пікірталас студенттер арасында пікір алмасуға және сыни ойлауды дамытуға тамаша алаң болды.