2023 жылдың желтоқсанында қытайлық әріптестерінің шақыруымен Чунцин қаласының (Қытай) ең ірі жоғары оқу орындарына саяхат ұйымдастырылды: Жеңіл өнеркәсіп институты, Чунцин электроника және инжиниринг институты, Чунцин ғылым және технологиялар университеті.
Сапарға ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор С.А. Алтынбек және Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы С.З. Әбдікәрімова қатысты.
Қытайлық оқу орындарының ғасырлық даму тарихы бар. Білім беру, ғылыми және халықаралық қызмет салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Кездесу достық жағдайда жемісті өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қытайлық әріптестер ынтымақтастық туралы қызығушылық білдірді. Келіссөздер процесі жалғасуда.