Медиа

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАДАМЫ

2023 жылдың 02 ақпанында Астана қаласындағы І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып бітірушілермен кездесу өтті. Бұл кездесуді ұйымдастырушы «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі Сағынтаева Сәуле Әлкенқызы, аталмыш шараға университеттің мобильді тобының өкілдерін шақырды. «Дизайн» білім бағдарламасы бойынша 1 және 2 курс студенттері «Прет-а-порте» бағытындағы сән үлгілерін көрсетті. Мектеп оқушыларына университет туралы бейнероликтер, презентациялар көрсетілді, түрлі сұрақтармен өтініш білдіргендердің барлығына тұшымды жауаптар берілді.