Медиа

Ағымдағы жылдың 12-15 мамыр күндері Түркияның Стамбул қаласында жастар арасында кикбоксингтенн ӘЛЕМ КУБОГІ өтті

Ағымдағы жылдың 12-15 мамыр күндері Түркияның Стамбул қаласында жастар арасында кикбоксингтенн ӘЛЕМ КУБОГІ өтті. 45 елден 994 спротшы қатысқан дода 7 мәрте өткізіліп отыр. Аталмыш жарыста Қазақстандық жерлестеріміз 34 алтын, 22 күміс, 46 қола жүлдеге ие болса, ҚазТБУдің 4курс студенті, кикбоксинг класы бойынша спорт шебері, 2019ж, 2021ж,2022 жылдарда ересектер арасында кикбоксингтан Республика чемпионы, 2021 жылы Ташкенттегі жарыстан Азия чемпионы, 2021 жылы Италиядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері - Мурзагали Адиль үшінші орынды иеленіп, қола медальді қанжығасына байлап келді. Дүбірлі додада дараланған дарабозымызды университет басшылығы мен ұстаздар қауымы қарсы алып, ҚазТБУ президент –ректоры Байбеков С.Н. ұстаздар қауымының атынан ізгі ниетін білдірді. Университетіміздің мақтанышына айналған спортшымызға алдағы жарыстарда тек сәттілік тілейміз.