*Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша 1 курсқа студенттерді қабылдауды жүзеге асырады: 6в02101 Графикалық дизайн, 6В02102, 6В02103 сән дизайны, 6В02104 Сәулеттік дизайн, 6в04103 Есеп және аудит, 6В04105 Менеджмент, 6в04107 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04108 Қаржы, 6в04110 Экономика, 6в05112 Биотехнология , 6в05213 экология, 6в06114 Ақпараттық жүйелер, 6В06115 it-менеджмент, 6в07116 Автоматтандыру және басқару, 6в07117 Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6в07219 Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 6в07231 тау-кен дело: физика-химиялық геотехнология, 6В07218 тау-кен дело: пайдалы қазбалар кен орындарын ашық және жерасты игеру, 6в07220 азық-түлік өнімдерінің технологиясы (салалар бойынша), 6в07222 мұнай-газ дело: Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану, 6в07223 қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), 6В07224 жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы, 6в07525 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), 6в11126 Мейрамхана дело және қонақ үй бизнесі, 6В11127 Туризм, 6В11128 IT – қызмет көрсету саласындағы технологиялар, 6В11129 Халықаралық туризм, 6В11230 тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Екі дипломдық білім беру жүйесі және магистратура жұмыс істейді. Университетте технология және бизнес саласындағы 13 мамандық бойынша колледж жұмыс істейді. Басқа қалалықтар үшін жатақхананың жаңа ғимараты ұсынылады. Телефондар: +7(7172) 57 88 15, +7 708 425 06 60, +7 701 602 53 53

КазУТБ в СМИ

Ғылым күніне арналған «Тұлға – Ел – Тарих» атты танымдық семинар.

2023 жылдың 12 сәуірінде « Ғылым күніне» орай «Экономика және сервис» факультетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Тұлға –Ел – Тарих» атты танымдық семинар өткізді.

Семинардың ашылуында мемлекеттік тіл мен тарихтың жастар тәрбиесі үшін маңыздылығы жайында Қазақ ТБУ-нің ғылым және халықаралық қатынастар бойынша проректоры Алтынбек Серік Атақонысұлы сөз сөйледі.

Бұған дейін ұйымдастырылып өткен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысының жүлдегерлері мен ғылыми жетекшілерін марапаттау рәсімінде Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Алтайбекова Қанағат Тұрсынбайқызы ғылыми зерттеумен айналысып жүрген студенттер мен олардың жетекшілері, кафедра оқытушыларына алғыс білдірді.

Танымдық семинардың негізгі бөлігінде тарихшы Дархан Асқарұлы өз баяндамасын студенттер мен оқытушылар назарына ұсынды. Баяндамада қазақтың көне тарихы, адамға есім қою дәстүрі және астрономия, түркілердің ежелгі күнтізбесі (тоғыс есебі), далалық өркениет жетістіктері, сақ қорғандары мен Мысыр пирамидаларының ұқсастығы туралы қызықты мәліметтерді қамтыды. Арал теңізінің апаты туралы деректі фильм көрсетіліп, қатысушылармен талқылау жүргізілді.

Кафедра оқытушылары Думан Мукановна, Алмагүл Калижаровна, Ержан Шаймарданович студенттерге жетекшілік етіп, семинарды ұйымдастыруға атсалысты. Студенттер жеке тарихи тұлғалар туралы өз баяндамаларын ортаға салды: Дюсекова Айдана «Шоқан Уәлиханов –тұңғыш қазақ ғалымы» тақырыбында, Жақашев Иса «Әлкей Марғұлан – әмбебап ғалым» тақырыбында және Ділдаханова Ақнұр «Қаныш Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы» тақырыбында.

«Экономика және сервис» факультетінің деканы Нұрғалиева Алмагүл Шаймұратқызы баяндамашы студенттердің еңбегін бағалап факультет атынан жас зерттеушілерді марапаттады.

Студенттер жеке тарихи тұлғалар, ел тарихы, түркі өркениетінің тарихи жетістіктері жайында кең көлемде қызықты ақпараттарға қанықты. Қатысушылар тарихи танымды тереңдетуге, мемлекетшілдік сананы нығайтуға бағытталған мұндай шаралардың білім алушылар үшін аса қажет екендігін атап өтіп, шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.