ҚР жоғарғы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев Қазақ технология және бизнес университетінде студенттермен кездесу өтіп, материалдық базамен танысты. Келу барысында “туризм және сервис, химиялық технология және экология, жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн, ақпараттық технологиялар” кафедраларына шолу жасады. Сонымен қатар "Автоматтандыру және басқару" білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушылармен бірге тұрғын үй кешендері мен қалалық коммуникацияларға қызмет көрсету бойынша толық автоматтандырылған кешен құрылуын қызығушылықпен бақылады. Кездесу барысында жаңа мемлекеттік бағдарламалар талқыланып, жоспарлы ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.