2024 жылдың 18 қарашасында “Технология және стандарттау” кафедрасы Астана қаласының 26 мектеп-гимназиясымен V - мерейтойлық халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына орай ұйымдастырылған, “Дамытушы білім беру ортасы-әлеуметтік әріптестік ресурсы” секциясы аясында “Биотехнология” БББ ПОҚ ( Тыкежанова Г.М.,Серикова Ш.С., Байрон Л.Ж.,Нармандах Ж.Н.) бірлесе отырып, “Топырақты, суды, ауаны зерттеудің микробиологиялық әдістері” ”Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы” БББ ПОҚ (Турабаева А.Е.) бірлесе отырып, “Астық пен ұнның сапасын анықтау” тақырыбына зертханалық сабақ өткізілді.
Зертханалық жұмыс барысында 10-11 сынып оқушыларымен топтық жұмыстар жүргізіліп, тәжірибе алмастырылды.