Home / Жаңалықтар / Қуанышты жаңалығымыз жалғасын табуда

Медиа

Қуанышты жаңалығымыз жалғасын табуда

Қуанышты жаңалығымыз жалғасын табуда, «Графикалық дизайн» ББ бойынша 27-28.04.23ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өткен Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне аға оқытушы Мусаханова М.Ә. және оқытушы Дунайская Д.А. жетекшілігімен Кожегалиев Байель, Капсаттар Алтынай, Муратова Дамеш, Широбокова Полина қатысты. Республика деңгейінде «Графикалық дизайн» («Дизайн») бағытында мамандар даярлауды жүзеге асыратын төменде көрсетілген 12 жоғары оқу орны олимпиадаға қатысты:

  1. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
  2. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті;
  3. Қазақ технология және бизнес университеті;
  4. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;
  6. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
  7. Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы;
  8. Халықаралық Астана университеті;
  9. «Тұран-Астана» университеті;
  10. Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті;
  11. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  12. С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті.

Комиссия мүшелері әр жұмысқа өз бағаларын беру барысында ең көп балл жинаған 6 жұмыс бағаланып, орындар берілді. Соның ішінен ІІІ-ші жүлделі орын алған және Министрліктің дипломына ұсынылған Кожегалиев Байельді жеңісімен құттықтаймыз. Сонымен қатар қатысушал сертификаттар мен жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды.