14 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары подполковник А.Қ. Құсайынов Қазақ технология және бизнес университетімен ынтымақтастық туралы жасасқан меморандумы бойынша іс-тәжірибеден өтуге келген студенттермен суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету жайында дәріс өткізді. Осы дәрісті тәжірибе түрінде көрсету үшін Апаттар медициналық орталығы филиалының дәрігері мен фельдшері жұмылдырылды. Студенттер өз білімдерін сұрақ қою арқылы жетілдірді.
Бұл бастамамыз 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс саласында өткізілетін іс-шараларды кеңінен жария етуге бағытталды.
Биыл Азаматтық қорғаныс күні «Азаматтық қорғаныс және апаттар мен дағдарыстар кезінде жер аударылған адамдармен жұмыс, еріктілердің рөлі және пандемиялармен күрес» атты ұранымен өткізіледі.