2023 жылдың 23 қыркүйегінде «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында «Халықаралық туризм» және «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері арасында Халықаралық туризм күніне арналған «Алтын дала - 2023» І көшпелі туристік слеті өтті.
Туризм және сервис кафедрасының оқытушылары мен студенттері кафедра меңгерушісі А.А. Жунусова мен нұсқаушы Б.К. Рахимбековтердің жетекшілігімен жеке Бөлектау тауына көтерілді, одан «Голубой залив», Жұмбақтас және Оқжетпес жартастарының панорамалық көрінісін тамашалады.
Туристік слет барысында Абылайханның аланына және тағына экскурсия жасалды.
Бірінші курс студенттері үшін эстафета өтті, ол келесі этаптардан тұрды:
-эмблема, команда ұраны,
-туристік ән,
-орынды таңдау және бивуак орнату,
-туристік құрал-жабдықтардың түрлерін, оларды пайдалану ережелерін көрсету;
-өткелден өту,
-«Тік Маятник» ,
-туристік жағдайда тамақтану.
Слет соңында командаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Туризм және қызмет көрсету басқармасы танымдық, сауықтыру, мәдени-тарихи және спорттық туризмді танымал ету және дамыту мақсатында туристік бағыттар бойынша саяхаттарды жалғастыруды жоспарлап отыр.