Қ.Құлажанов атындағы Қазақ Технология және Бизнес университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының апталығының аясында кафедра филиалы ашылды, Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен дуалды білім беру бағдарламасы бойынша келісімге қол қойылды.
Іс-шараға Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің ОӘЖ жөніндегі проректоры, Асқарбеков Э.Б., «Экономика және сервис» факультетінің деканы э.ғ.к., қауым.профессор Мұстафаев Қ.С., «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі PhD докторы, қауым.профессор Жунусова А.А., Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК директоры Тяженов Н.И., орталықтың туризм бөлімінің меңгерушісі, Кенжеғалиев А.Ә., Қазақстан Республикасының таулы және жаяу туризмінің еңбек сіңірген нұсқаушысы, Рахымбеков Б.Қ., кафедра оқытушылық профессорлық құрамы мен білім алушылары қатысты.
Салтанатты түрде филиалдың лентасы қиылып, білім алушылармен шеберлік сағаты өткізілді.