"Туризм және география" мамандандырылған кабинетінің ашылуы

4 ақпан күні Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің "Туризм және сервис" кафедрасының апталығы аясында "Туризм және география" кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің ОӘЖ проректоры Асқарбеков Э.Б., №72 мектептің өкілі, география пәнінің мұғалімі Жайлаубаев Е.Н., "Экономика және сервис" факультетінің деканы Мұстафаев К. С., "Туризм және сервис" кафедрасының ПОҚ және білім алушылар қатысты.

"Туризм және география" оқу кабинеті базалық пәндерді өткізу үшін барлық қажетті керек-жарақтармен, глобустармен, саяси және физикалық карталармен, әлем және континенттер карталарымен, Қазақстан Республикасының картасымен жабдықталған.

Ашылу салтанатында "Әлемнің туристік дестинацияларының бірегейлігіне жаһанданудың әсері" тақырыбында "Туризм географиясы" пәні бойынша жасанды интеллектті қолдана отырып оқу сабағының тұсаукесері өтті. "Туризм және сервис" кафедрасының оқытушылары С.М. Рүстемова мен А. А. Жаңабай кабинетпен танысып, білім алушылар мен оқытушыларға арнайы пәндерді оқу кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін көрсетті.