2024 жылдың 24 қаңтарында Түркияның атақты аспаздары Бюлент Йылдыз және Хасан Кылыч шақырылды.
Аспаздар "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі", "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге шеберлік сыныптарын өткізді.
"Хюнкар Бегенди – Падишахқа ұнады" көне ұлттық тағамын дайындау тәсілдері мен кезеңдері көрсетілді.
Мейрамханада қонақтарға қызмет көрсетудің негізгі элементтері, әдістері, стильдері көрсетілген.
Сондай-ақ, басқа елдердің ең жақсы аспазшыларының құпиялары, кеңестері мен тағам идеялары берілді.
Көрнекі процестен студенттер болашақ мамандық үшін кәсіби білім, дағдылар мен қажетті тәжірибе алды.