2023 жылдың 2-3 қараша айында, Астанада, Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммиті өтуде. Түркі Мемлекеттері Ұйымының қатысушы мемлекеттердің арасында: Әзербайжан – Ильхам Әлиев, Қырғызстан – Садыр Жапаров, Түркия – Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан – Шавкат Мерзиеев мемлекет басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттердің басшылары Мажарстан мемлекетінің басшысы - Виктор Орбан, және Түркіменстан мемлекетінің басшысы - Сардар Бердімұхамедов қатысуда.
Қазақ технология және бизнес университетінің «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» оқу бағдарламасы бойынша 1 курс студенттері: Вазирова А. және Дюсембаева Д., «Халықаралық туризм» оқу бағдарламасы бойынша - Закиев З. Rixos Hotel President Astana отелінде Түркі Мемлекеттері Ұйымының делегаттарының қарсы алу құрметіне ие болды, оның ішінде Республика Президенті Түркияның Реджеп Тайып Ердоған.