Қазақ технология және бизнес университетінің «Технология және стандарттау» кафедрасының «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Мизанбаева Сымбат Канатқызын ТМД елдерінің «Үздік студенті» халықаралық байқауында жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ, жас ғалымды қолдап, бағыт-бағдар берген ғылыми жетекшісі – «Технология және стандарттау» кафедрасының ассистент-профессоры Серикова Шынарға алғыс білдіреміз.
Шығармашылық табыс, ғылымда жаңа белестер тілейміз!