2024 жылдың 6 қыркүйегінде ӘГП кафедрасының ағылшын тілі оқытушылары Қазақстан халықтарының тілдері күніне орайластырылған «Тілдер мен мәдениеттер әлемі: біліміңді сына!» тақырыбында викторина өткізді. Викторина қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен мәдениеттері сұрақтары байланысты тақырыптарды қамтиды.
Бұл формат студенттерге өз білімдерін көрсетуге және дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Шара барысында ана тілінің маңыздылығы мен шет тілдерін меңгеру сөз болды. Кез келген шет тілін білу адамға басқа елдердің мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік береді, ойлау қабілетін, қиялын, есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бұл білім мемлекеттердің өмірдің көптеген салаларында – ғылымда, саясатта, мәдениетте, өнерде және т.б. бір-бірімен тиімді әрекеттесуі үшін де қажет.