«Тіл-достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы»- Қазақстан халқының тілдері күні

Бүгін «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру.

Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі фил.ғ.к., қауым. проф. Қ.Т.Алтайбекова кіріспе сөз сөйлеп, іс-шараның мақсатына тоқталды.

Аталған шара барысында т.ғ.д., профессор А.П. Абуов тіл мәселесі төңірегінде өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ, кафедра оқытушылары Тіл мерекесіне орай атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, пікір білдірді. Студенттердің де ұсыныс, пікірлер тыңдалды.