2023 жылғы 16 қазанда «Студенттік ғылымнан инновацияға» ұранымен Технология және стандарттау кафедра апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Білім алушылардың ғылым мен білімде, оқудағы жетістіктерімен, өзін-өзі басқару, сайыстарға қатысып, өз білімдерін қөрсету, тәрбие жұмыстарының маңыздылығы осы апталықты өткізудегі орны ерекше. Бұл апталықтың мақсаты – білімді әрі білікті мамандар, тәрбиелі-өнегелі, өз маман иегерлерін тәрбиелеуге баулу.
Алғашқы сөз кезегі Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Жамангарин Дусмат Саматұлына және ардагер ұстаздар Тарабаев Балташ Каримовичке, Ситникова Ираида Александровнаға берілді.
Кафедра апталығының салтанатты ашылуында қонақтарымыздың жылы лебіздері, студенттерден музыкалық күй-билерімен, қатар білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде ұштастыруы, профессор-оқытушылар құрамының еңбектері туралы бейне жазбаны тамашалаумен ұштасты.
Апталығымыздың бүгінгі бағдарламасы бойынша сағат 14:00-де «Ғылым мен технологияға біздің үлесіміз» атты тақырыпта магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары тамашаланды.