Технология факультетінің сапаны қамтамасыз ету комиссиясының кеңейтілген отырысы
2023 жылдың 18 қаңтарында жұмыс берушілердің қатысуымен технология факультетінің сапаны қамтамасыз ету комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның мақсаты – оқу үдерісінің сапасын ұдайы жақсарту арқылы белгіленген талаптарға сай мамандарды тиімді даярлауды жүзеге асыруға көмектесу.
Комиссия жұмысына бизнес өкілдері мен ұйымдардың басшылары қатысты: «ҚазСтандарт» РМК бас маманы; Рамазанова Майгүл Айтбаевна «ҚазСтандарт» РМК бас маманы; Сыдықов Данияр Бахтиярұлы -«ET KZ» ЖШС директоры; Садықов Аскарбек Амыркулович
«Қазақ зияткерлік жүйелер және жоғары технологиялар институты» ЖШС директоры;Асқарбек Әмірқұлұлы «Қазақ зияткерлік жүйелер және жоғары технологиялар институты» ЖШС директоры; Күзбаев Ахмет Талғатбекұлы - «Qazaq Global Group» ЖШС; Мадияр Сұлтанбек – «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы филиалының директоры; Қажыбаев Қанат Сайлаубайұлы, Kazakhstan Engineering R&D орталығының менеджері; Майра Құттыбайқызы Қазанғапова – «Химия және көмір институты» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы; Жыланбаева Райхан Айтанқызы – «Эко-Дос» ЖШС-нің эколог маманы; Фенд Юлия Борисовна – т.ғ.д., Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының мүшесі, «Гротеск архитекторлары» конструкторлық бюросының бас сәулетшісі; Алпысбаева Бақыт Сайранқызы – «Зекен Мода» ЖШС бас-әкімшісі; Қайыржанова Анара Қайырболатқызы – QazTextileIndustry Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық ассоциациясының өкілі. Технология факультетінің кафедра меңгерушілері әрбір білім беру бағдарламасы бойынша баяндамалар жасады. 2023-2024 оқу жылына арналған бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын жаңарту және әзірлеу мәселелері талқыланды. Жұмыс берушілер білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогын жаңарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.