Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Мақсаты- халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру, қоғамдық орындарда азаматтардың мүлікке ұқыпты қарауға шақыру.
Аталған бастама аясында, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетіның профессорлық-оқытушылық құрамы белсенді ат салысып, тазалық жұмыстарын жасады. Экологиялық акция алдағы уақытта да жалғасын табады.