2023 жылдың 16 ақпанында «Экономика және басқару» кафедрасы экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Барлықов Ерболат Көпсекбайұлының 50 жылдығына арналған «Қазақстан экономикасы үшін заманауи жаһандық сын-қатерлер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараны «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ Президент-ректоры, т.ғ.д., профессор Байбеков Сейтқасым Ниязбекұлы ашып, мерейтой иесін құттықтап, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және ҚазТБУ ұжымының атынан алғыс хаттарын табыс етті.
Құттықтау сөз сөйлегендер: Нархоз университетінің бірінші проректоры, э.ғ.д., профессор Өмірзақов Самажан Ынтықбайұлы; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Төлембаева Айгүл Нұралиқызы; Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің экономика факультетінің деканы, э.ғ.д., профессор Толысбаев Бауыржан Советұлы; С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің экономика факультетінің деканы, э.ғ.к., профессор Нұрмұхаметов Нұрбахыт Нұрбопайұлы; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Тургинбаева Ардақ Несіпбекқызы.
Дөңгелек үстелдің модераторы «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі Бақтымбет Әсем Серікқызы болды, ол дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігін, атап айтқанда, қазіргі заманның жаңа қатерлеріне байланысты ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа әлемдік қатерлерді еңсеру, шешу және олардың елдің экономикалық және саяси жүйесіне теріс әсер етуін азайту жөніндегі бастамалары өзекті болып отырғанын атап өтті. Дөңгелек үстелдің тақырыбы ЖОО-ның оқытушы-профессорлық құрамының, сондай-ақ магистранттар мен студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды.
Дөңгелек үстелде 4 спикер сөз сөйледі:
1. Қажыкен Мейрам Зекешұлы, э.ғ.д., профессор, «Қазіргі қоғам институты» ЖШС директоры. Баяндама тақырыбы: «ЕАЭО Қазақстан экономикасы үшін қандай тәуекелдер тудырады?».
2. Жакупова Шахарбану Шормановна, э.ғ.д., профессор, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Бас ғылыми қызметкері. Баяндама тақырыбы: «Жаңа сын-тегеуріндер жағдайында халықтың табысын арттыру».
3. Нұрсейітов Азамат Айтқалиұлы, э.ғ.к., доцент, «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Аппарат басшысы. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан экономикасы үшін сыртқы қауіптер мен мүмкіндіктер».
4. Ахметов Жарас Амангелдіұлы, публицист. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан үшін жаһандық сын-қатерлер».
Қатысушылардың баяндамалары қызықты және танымдық болды, барлық тұжырымдар, ұсыныстар сандармен, нақты жүргізілген талдаулармен, слайдтармен нығайтылды. Дөңгелек үстел қызықты пікірталаспен аяқталды, бұл тағы да талқыланатын тақырыптың маңыздылығын көрсетті.