2022 жылғы 09 Желтоқсанда онлайн режимде ҚазТБУ мен Киме Халықаралық университеті (Ташкент қ., Өзбекстан) арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.
Аталған серіктес университет 2018 жылы Корея мен Өзбекстан Президенттерінің келісімі негізінде құрылды және заманауи оқу кампусы, студенттердің үлкен контингенті (20000 адам) және берік профессорлық-оқытушылық құрамы (700 адам) бар.
Өзбекстанның жоғарыда аталған ірі ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастық студенттердің академиялық ұтқырлығы, қос дипломды білім беру, профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамасы мен біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды өзара тиімді іске асыруға, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды орындауға мүмкіндік береді.
Мұндай қашықтықтан кездесу-табысты дамудың кепілі!