13.06.2022ж күні «Гребной канал» жағажай бойындағы «Есіл» өзенінен 9-10 жас шамасындағы бала суға кеті қауіпінен құтқарылды.
ҚазТБУдың І курс студенті Есмаханов Шахбек өзі тұратын үйдің әйнегінен сол сәттегі ауа райының күр өзгеруін телефонға түсіріп тұрып, өзендегі ерекше қимылды байқайды. Анықтап қарағанда аунап қалған қайықты және судағы адамды көріп дереу көмекке жүгіреді. Қатты желдің салдарынан қайық аунап кеткен , ішіндегі бала (9-11 жас) қайықтан ұстап тұрып, көмекке шақырған. Шахбек баланы жағажайға шығарған кезде баланың бірге жүрген командасы келіп, бала командасына тапсырылады.
Қауіп төнген сәтте қол ұшын беріп, өзіндік ерлігін көрсеткен Шахбекке университет тарапынан алғысымызды білдіреміз. Студенттік шақта осындай жағдайда ептілігі мен ерлігін көрсеткен жас өреннен болашақта Отанын қорғап, адал қызымет атқарар арлы азаматтың шығары сөзсіз.
Болашағыңа тек сәттілік тілейміз!