Медиа

Студенттердің шетелдік академиялық ұтқырлығы

Шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде Малайзия мен Польшада 3 студент оқиды.

Атап айтқанда, Малайзия технологиялық университетінде (Джохор қ.) "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері Мұхитдинова Камиля мен Омарова Еңлік білім алуда.

Жешув технологиялық университетінде (Польша) "Автоматтандыру және басқару" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Нұрланов Олжас оқиды.