4 қазан күні ҚазТБУ қабырғасында ЖІК студенттерінің ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Концерттік бағдарламаны алғы сөзімен ашқан ҚазТБУ ректоры Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы Нұр-сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі, Жакенов Берік Оралұлы атынан «Экономика, Есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Архат Жоламанұлы Асаиновқа, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» аға оқытушысы Жортушинова Айман Кажымуратовнаға, «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Сағынтаева Сәуле Әлкенқызына Алғыс хат табыстады. Концерттік бағдарлама студенттік активтің құттықтау видеоролигінен басталды. Студенттер оқытушыларына алғыс айтып, әрбір студенттің көз алдында табандылықтың, сенімділіктің нағыз үлгісі екенін атап өтті.