Ағымдағы жылдың қазан айының 14 күні бас қаламыздағы «Жастар сарайында» ҚазТБУға түскен 1 курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Биылғы жылы университетімізге қабылданған студенттер саны 817 студент болса аталмыш мерекеге барлығы дерлік қатысты. Мерекелік шара ҚР гимнімен басталып, университет басшылығы мен декандардың құттықтауымен ұласты. 1 курс студенттеріне студенттік билеттерін салтанатты түрде тапсырғаннан кейін, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасының құттықтауы мен қатар 1-5 курс білім алушыларының даярлаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Биылғы жылда университет табалдырығын аттап отырған жас білім алушыларымызға алдағы күнде студенттік өмірдің тек жақсы күндерін ғана көріп, білім әлеміне айналған ҚазТБУдан мемлекетімізге қызмет жасар білікті маман болып шығуына тілектеспіз!