2024 жылдың 20 ақпанында "Технология және стандарттау" кафедрасында 6В05112-"Биотехнология" білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында пәндік олимпиаданың 1 – ші кезеңі өтті. 12 студент қатысты. Олимпиада үш турдан тұрды:
- Базалық пәндер бойынша тестілеу (20 ұпай).
- Ситуациялық есептерді шешу (30 ұпай).
- Капитандар сайысы (20 ұпай).
- Зертханалық жұмыс (30 ұпай).
Қатысушылардың жұмыстарын тексеру қорытындысы бойынша комиссия мүшелері жеңімпаздарды анықтады: I орын - "Free mind" командасы, Жабасова Дана БТ-212, Жұмахан Айкен Бт-221, Кантаева Әйгерім Бт-232. Ғылыми жетекші: Байрон Л. Ж.
II орын - "Bacillus" командасы, Абакирова Али Бт-211, Қуанышбек Аружан Бт-222, Титкова Екатерина БТ-232. Ғылыми жетекшісі Тыкежанова Г. М.
III орын – "Геномдық гуру" командасы Талипов Нариман Бт-212, Бекбаева Айым Бт-222, Абдульманов Зулкар БТ-232. Ғылыми жетекшісі: Нармандах Ж.Н.
III орын - "Биокристалдар" командасы Қожаберген Гүлбахыт Бт-211, Бекетова Мунира Бт-221, Еркін Әсем БТ-231. Ғылыми жетекшісі: Агедилова М. Т., Ботбаева Ж. Т.
Номинация бойынша:
"Үздік капитан" – Жұмахан Айкен.
"Үздік команда" – "Free mind".
"Шығармашылық жауап үшін" - Жабасова Дана
"Белсенді қатысушы" – Талипов Нариман.