2023 жылдың 19 қазанында “Технология және стандарттау” кафедрасының апталығы аясында Дүниежүзілік стандарттар күніне орай «Халал логотипіндегі өнімдердің тұтынушылық бағдары және құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара қонақтары: Марат Агибаевич Сарсенбаев– Қазақстанның халал индустриясы қауымдастығының басшысы, Амангельды Сатыбалдиевич Орынбасаров– «Қазақстанның инновациялық нанотехнологиялары» ЖШС ғылыми-өндірістік бірлестігінің басшысы, Дина Дина Бахыт-Кожаевна Курмангалиева– С.Сейфуллин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу университетінің “Стандарттау, метрология және сертификаттау” кафедрасының профессоры.
Марат Агибаевич Сарсенбаев баяндама жасады. «Халал – сапа мен қауіпсіздік символы» тақырыбында пікірсайыс өтті, оған «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының бірінші, екінші және үшінші курстан келесі студенттер қатысты: Мамырбек Дильназ, Емберген Камила, Мадиева Фариза, Мөлдір Ережеп, Амангелді Ерасыл, Мәліков Орал. Шара соңында студенттер белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Университеттің бірінші қабатта студенттердің өз қолымен дайындаған тағамдық өнімдердің жәрменкесі өтті. Жәрменкенің түскен қаражат қайырымдылық қорына жіберілді. Осы жол кафедрамыздың оқытушысының танысының немересіне шұғыл түрде ота жасауына байланысты қол ұшымызды береміз.