Соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен аса өткір тақырыптардың біріне айналып отыр. Бұл, бір жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсуінен. Елімізде дін саласына қатысты бар мемлекеттік органдар жұмыстары жүйелі деңгейде жолға қойылған туралы толық сеніммен айтуға болады. Сондықтан студенттерді әр нәрсені толық зерттеп,тереңдеп білім алып, әрекет жасауға шақырамыз. Нур-Султан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе 2021-2022 оқу жылында жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясының таралуынан алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытындағы және студенттер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел форматында жиналыс өткізілді. Іс шараны жүргізген спикер УИ ОЮП ОМПС ЕРУП.Нур-Султан қаласының полиция капитаны Мусабекова У.Ж. алғыс білдіреміз және сыбайлас - жемқорлыққа қарсы, алдын алу жөнінде сөз сөйлеген университетіміздің заңгері Мухит Утепұлына алғыс білдіреміз. Докладты орыс тілінде баяндаған тәрбие ісі және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің проректоры Болат Абуталипұлына рахмет. Белсене қатысып, ортаға пікірлерін салған студенттерге де алғыс айтамыз.