Сәкен Сейфуллин туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Сәкен – сыршыл ақын» атты дөңгелек үстелдің

2024 жылының 18 қазанында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының кафедра меңгерушісі және «Қазақ тілі» пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Сәкен – сыршыл ақын» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 толу мерейтойына орай аталып өтті. Оған 1 курс студенттері, университет басшылығы мен оқытушылары қатысты.

Іс-шара мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің көркем шығармалары бойынша пікір алмасу, әңгімелеу, талдау, өлеңдерін мәнерлеп оқу, көпшілік оқырмандарға оның көркем шығармаларын, өлеңдерін оқуды насихаттау.

Өткізілген дөңгелек үстел іс-шарасын қорытындылай отырып, ақын шығармашылығы арқылы ой салу, тәрбиелік маңызын насихаттау, шығармашылық табыс тілейміз.